Зимбабвенің бұрынғы президенті Роберт Мугабе дүние салды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Зимбабвенің бұрынғы президенті Роберт Мугабе дүние салды

06.09.2019

Мұны осы елдің қазіргі басшысы Эммерсон Мнангагва «Твиттердегі» парақшасында хабарлады. 

Мугабе Зимбабвені 37 жыл басқарды. Ол 1980 жылы ақ нәсілділердің билігі аяқталғаннан кейін мемлекет тізгінін өз қолына алды. Бірақ, оның өмір бақи президент болу арманы орындалмады. 

Экономикасы күйреген Зимбабве 2009 жылы ұлттық ақшасынан бас тартып, долларға көшті. Сонымен қатар, халықаралық санкциялар ел жағдайын тіпті нашарлатып, халық наразылығы күшейді. Ал, 2017 жылы қарашаның 17-де әскерилер Мугабе үкіметін құлатты. 

Роберт Мугабе Сингапурда қайтыс болды. Ол бұл мемлекетке емделу үшін соңғы жылдары бірнеше рет барған.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу