АҚШ Ресейді ғарышта қоқыстың пайда болуы үшін айыптады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ Ресейді ғарышта қоқыстың пайда болуы үшін айыптады

16.11.2021

Ресей ғарышта спутникке қарсы қаруды сынап, одан қауіпті қоқыс пайда болған. АҚШ-тың Мемлекеттік департаменті осылай деп мәлімдеді. Сарапшылардың сөзінше, жойылған жерсеріктің 1500-дай сынығынан, бұған қоса, жүздеген ұсақ қоқыс бөлшектерінен Халықаралық ғарыш станциясындағы астронавтарға, ғарыш кемелеріне қауіп төніп тұр. АҚШ-қа Еуропа елдері қосылып, Ресейді ғарыштағы жауапсыз әрі қауіпті әрекеті үшін айыптап отыр. Әзірге Мәскеу бұған қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. 


Хабарламаларға жазылу