Ауғанстанда тәліптер 22 тәртіп сақшысын мерт қылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанда тәліптер 22 тәртіп сақшысын мерт қылды

14.11.2017

Тәліптер Ауғанстанның Кандағар провинциясында 6 сағат ішінде оннан астам полиция бекетін шабуылдаған. Қарулы топ 22 тәртіп сақшысын мерт қылып, 15-ін жаралады. Ал, үкімет әскері 45 шабуылшының көзін жойып, 35-ін жаралаған. 

Тәліптер «WhatsApp» арқылы 43 полиция қызметкерін өлтіргендерін жазды. Дегенмен, «Reuters» мәліметінше, бұл қозғалыс әдетте қақтығыс нәтижелерін бұрмалап көрсетеді.

«Талибан» Ауғанстанның Батысқа жақтас үкіметін құлатып, шариғат заңдарын енгізуді көздейді. Ал, АҚШ зерттеулеріне сай, ауған үкіметі қазір ел аумағының 60 пайызға жетер-жетпес бөлігін ғана бақылап отыр.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу