Сиднейде iPhone X үшін ұзын-сонар кезек түзілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сиднейде iPhone X үшін ұзын-сонар кезек түзілді

03.11.2017

Австралияның Сиднейіндегі «Apple» дүкені алдында жүздеген адам кезек күтіп тұр. Олар сауда орны ашылмас бұрын барып, жаңа iPhone X телефонын алғашқылардың бірі болып сатып алғылары келеді. Компания жетекшісі Тим Кук бұл айфонның шығуын «алға ірі қадам басу» деп атады. Жақында «Apple»  iPhone 8 және 8 плюс смарфтондарын саудаға шығарған еді.

Жаңа iPhone X үшін ұзын-сонар кезек Қытайдың Бейжіңі мен Гонконгта да түзілді. Айта кетсек, мұнда «Apple» өз өнімдері саудасынан түсетін кірісін  биыл 9,8 миллиард долларға жеткізген. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу