АҚШ-та жеңілдіктер күнінде дүкендерде кезек көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ-та жеңілдіктер күнінде дүкендерде кезек көбейді

24.11.2017

Бүгін АҚШ-та дәстүрлі шопинг уақыты басталды. Алғыс айту мерекесінен кейін келетін бұл күні сауда орталықтарында тауарлар үлкен жеңілдікпен сатылады. Сондықтан, Нью-Йоркте жергілікті уақытпен таңғы сағат 5-тен бастап дүкендердің алдында ұзын-сонар кезек түзілді. Сауда түнге дейін жалғасады. Бұл күні тұрғындардың барлығы дерлік басқа шаруаны ұмытып, тек дүкен аралап, арзан тауар алуға тырысады. 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу