Алматыдағы дәріханаларда ұзын-сонар кезек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы дәріханаларда ұзын-сонар кезек

30.06.2020

Қажетті дәрі-дәрмегін таппаған көпшілік орталықтағы ірі дәріханаларға қарай ағылып жатыр. Тұрғындар препарат сатып алу үшін бірнеше сағат кезек күтуге мәжбүр. Олардың сөзінше, мұнда вирусқа қарсы препараттар жоқтың қасы. Тіпті, қарапайым дәрілер де таусылған. Ал дәріханаға кіреберістерде бірнеше маман сақтық шараларын қадағалаумен қатар, келушілер іздеген дәрілердің бар-жоғын білуде. Дегенмен, кезекте тұрғандардың барлығы бетперде тағып, арақашықтықты сақтап тұр деуге келмейді. 

Мегаполисте дәрі тапшылығына байланысты арнайы топтар жұмыс істейді. Қаланың бас мемлекеттік санитары Жандарбек Бекшин арнайы қаулыға қол қойды. Енді күн сайын 41 түрлі дәрі-дәрмекке мониторинг жүргізіледі. Бұған дейін Алматы карантинге жабылатыны туралы ақпарат тараған еді. Алайда, әкімдік мұны жоққа шығарып, тұрғындарды ресми ақпараттарға ғана сенуге шақырды.

Нұрхан НҰРЛАНҰЛЫ


Хабарламаларға жазылу