Нью-Йорктегі терактіні «ДАИШ» мойнына алды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Нью-Йорктегі терактіні «ДАИШ» мойнына алды

03.11.2017

АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында болған терактіні «ДАИШ» ұйымы мойнына алды. Бұл туралы бүгін «Рейтер» агенттігі хабарлап отыр.

Қазанның 31-де төменгі Манхэттенде жасалған шабуылдан 8 адам қаза тауып, 12 адам жараланған еді. Оларды Өзбекстаннан келген 29 жастағы Сайфулло Саипов көлікпен соқты. Ол мұндай қылмысқа «ДАИШ»-тың үгіт-насихатының ықпалымен барғанын мойындады. Президент Дональд Трамп Саиповты өлім жазасына кесуге үндеп отыр.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу