Бүгін Астанада бұршақ жауып, қатты жел соғады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Астанада бұршақ жауып, қатты жел соғады

05.09.2017

«Қазгидромет» орталығының хабарлауынша, бүгін Астанада найзағай ойнап, бұршақ жауып, оңтүстік-шығыстан секундына 15-20 метр қатты жел соғады. Синоптиктер алдағы күндері ауа райы күрт салқындайды деп болжауда. Жаңбырдың көп мөлшерде түсуіне байланысты елорда көшелерін, жеке тұрғын үй секторларын, жерасты өткелдерін су басу қаупі бар. Сондай-ақ, желдің қатты екпінінен ағаштар құлауы мүмкін. Осыған байланысты қаланың коммуналдық қызметі күшейтілген тәртіпте жұмыс істейді. Астана басшылығы елордалықтарды қауіпсіздік шараларын сақтап, төтенше жағдай болса, 109 қалалық бірыңғай қызметіне хабарласуды сұрайды. «Қазгидрометтің» болжамынша, республиканың басым бөлігінде осындай ауа райы сақталады. Нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп болжанады. Ал, кей жерлерінде жел күшейіп, бұршақ жауып, дауыл соғады.

 

Жазира ДОСМАҒАНБЕТ

Хабарламаларға жазылу