Алматыда бұршақ аралас жаңбыр жауды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда бұршақ аралас жаңбыр жауды

25.04.2024

Алматыда кеше кешқұрым ауа райы күрт бұзылып, аспанды қара түнек басып, қатты жел тұрды. Найзағай ойнап, соңы бұршақ аралас жауынға ұласты. Желдің қатты екпінінен ағаштар құлап, бірнеше көлікке зақым келді. Бірқатар шағын аудан жарықсыз қалды. Әкімдіктің мәліметінше, жауын-шашын кезінде су басудың алдын алу үшін 52 жедел мобильді бригаданың кезекшілігі ұйымдастырылған. Қаланы қалпына келтіру жұмыстарына 200-ден аса техника жұмылдырылды. Айта кетейік, синоптиктер 27-ші сәуірге дейін толассыз жаңбыр жауып, таулы аймақтарда су деңгейі көтерілуі мүмкін екенін ескертті.

Айдана Қуантхан


Хабарламаларға жазылу