Қытай еліне күз мезгілі ғажап көрініс сыйлады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қытай еліне күз мезгілі ғажап көрініс сыйлады

31.10.2017

Қытайдың кей аудандарын күз мезгілі ғажап түстерге бояды. Елдің солтүстігінен оңтүстігіне дейін көздің жауын алатын гүлдер түрлі түске боялып керемет табиғи ландшафтпен безендірілді. Елдің Ляонин провинциясында қызыл-күлгін жапырақтар жайылып, жергілікті тұрғындармен қатар, туристерді де қуантып отыр. Мұнда келушілер легі толастар емес. Олардың айтуынша, биыл күздің әдемілігі ерекше болды. Ал, Ганьсу провинциясында күн жылы болғандықтан, өзендерге құтандар мен аққулар қаптап келген. Құстар су жағасында ұшып-қонып күздің бейнесін одан әрі көркемдей түсті. Күнде бола бермейтін көріністі тамашалаған жұрт көңіл көтеріп, серуендеп, мұндай әдемілікті тамашалау мүмкіндігін жібермеуге тырысып жатыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу