Индонезияда жойқын жарылыс құрбандарының саны 47-ге жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Индонезияда жойқын жарылыс құрбандарының саны 47-ге жетті

26.10.2017

Тағы ондаған кісі жараланған. Қайғылы оқиға ел астанасы Джакартаның батысындағы фейерверк зауытында болды. Куәгерлердің сөзінше, бірінші жарылыс жергілікті уақытпен таңғы сағат 10-да,  екіншісі арада үш сағат өткенде болды. Алапат дүмпудің жаңғыры бірнеше шақырымға дейін жеткен. Мерт болғандардың денесі зауыт қоймасынан табылды. Әзірге апатқа не себеп болғаны белгісіз.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, өртке оранған кәсіпорын екі ай бұрын ғана іске қосылған екен.  

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу