Басты Жаңалықтар Қырғызстанда ең жас әйел депутат қыз ұрлау мәселесін көтерді

Қырғызстанда ең жас әйел депутат қыз ұрлау мәселесін көтерді

Қырғызстанда ең жас әйел депутат парламентте қыз алып қашу мәселесін көтерді. Бұрынғы журналист Аида Касымалиева қыз-келіншектердің өмірін жақсартуға бар күшін салмақ. Оның сөзінше, елде әйелдерді қорғайтын заң қарастырылып, қажетті өзгерістер енгізілу керек. Себебі, қоғамда қыз ұрлау, кәмелетке толмағандармен отау құру және үйдегі зорлық-зомбылық жиілеп барады.

2013 жылы қыз алып қашуға тыйым салынғанына қарамастан, әлеуметтік желілерде бұл туралы видеолар жиі жарияланады. Ал, БҰҰ-ның мәліметіне жүгінсек, қырғыз елінде әр бесінші әйел алып қашу арқылы тұрмысқа шығады. Сондай-ақ, 18 жасқа толмаған әрбір оныншы қыз - күйеуде. Дегенмен, былтыр қарашада кәмелеттік жасқа толмағандармен неке қиюға тыйым салатын заң қабылған еді. Соның арқасында жағымды құбылыс байқалып, көптеген мешіттерде имамдар жасөспірімдерге үйленуге рұқсат етпейтін болған.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ    

Бөлісу