Ердоған: Сириядағы әскери операция аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ердоған: Сириядағы әскери операция аяқталды

24.10.2017

Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоған Сирияның Идлиб провинциясындағы әскери операцияның негізінен аяқталғанын мәлімдеді. Ол науқан Ресей мен Иран арасындағы келісім бойынша қақтығыстарды азайту мақсатында жүргізілген еді. Дегенмен, Түркия көрші елге өз армиясын күрдтердің шабуылына тосқауыл қою үшін де енгізді. Анкара Африн қаласын бақылауға алған күрдтер Түркиядағы бауырларын сепаратизмге ынталандырады деп қауіптенеді.

Айта кетейік, Сирияда соғыс басталғалы Түркия Башар Асадқа қарсы шыққан көтерілісшілерді қолдап келген еді. Бірақ, былтыр Анкара ел шекарасын жихадшылар мен күрд жасақтарынан қорғау мәселесіне көбірек мән беріп отыр.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу