Тбилисиде антитеррористік операция өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тбилисиде антитеррористік операция өтті

23.11.2017

Грузияда 18 сағатқа созылған антитеррористік операция аяқталды. Оның барысында қылмыстық топтың үш мүшесінің көзі жойылып, біреуі қолға түскен. Сонымен бірге, мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің бір өкілі қаза тауып, екеуі жараланған. Ішкі істер министрлігінің екі қызметкері зардап шекті. Олардың халі тұрақты. Қылмыстық топқа қарсы арнайы операция Тбилисидің адамдар тұратын ауданында өткен. Қарулы топ мүшелері көпқабатты үйде жасырынған екен. Грузия мемлекеттік қауіпсіздік қызметі өкілдерінің мәлімдеуінше, олар террористік ұйым мүшелері. Алайда, олар Грузия азаматтары емес. Қылмыстық топ бірнеше апта бойы жүргізілген бақылаудан кейін қолға түскен. Арнайы операция барысында бейбіт тұрғындар жапа шеккен жоқ.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу