Испан үкіметі сенбі күні Каталонияны автономиялық мәртебесінен айырмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испан үкіметі сенбі күні Каталонияны автономиялық мәртебесінен айырмақ

20.10.2017

Испан үкіметі сенбі күні конституцияның 155-ші бабын іске қосып, тәуелсіздік сұраған Каталонияны тіпті автономиялық мәртебесінен айырмақ. Өйткені, Каталан басшысы Карлес Пучдемонға жеке мемлекет құру идеясынан бас тартуға берілген уақыт аяқталды. Ал, Пучдемонның өзі Мадрид бұл проблеманы талқылауға келіспесе, Каталан парламенті тәуелсіздік мәселесін дауысқа салатынын ескертті. Мұны ол Испания премьер-министрі Мариано Рахойға жазған хатында айтқан.

Саяси сарапшылардың пікірінше, бұл жағдай автономиялық аудан жұртын азаматтық бағынбаушылыққа итермелеуі мүмкін.

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу