Каталония президенті Карлес Пучдемон Мадридтің жоспарынан бас тартты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Каталония президенті Карлес Пучдемон Мадридтің жоспарынан бас тартты

23.10.2017

Бұл туралы ол Барселонада өткен Каталония тәуелсіздігін қолдап шыққан 450 мыңға жуық адамның қатысуымен өткен шеру кезінде мәлім етті. Жоспар бойынша Каталония испан үкіметінің тікелей бақылауына өту керек еді. Таяуда ел премьері Мариано Рахой конституцияның 155-ші бабы бойынша Каталонияны автономиялық дәрежесінен айыру туралы шешім қабылдаған. Пучдемон мұны демократияға шабуыл деп сиппаттады. Оның сөзінше, Испания билігі каталондықтардың демократиялық құқығын шектеп, енді келіссөздер жасауға да келіспей отыр. Каталония басшысы парламент отырысын ұйымдастырып, жауап қайтару мәселесін талқылауға шақырды. Сондай-ақ, ол бұл жағдайды Еуропалық Одақтың құндылықтарына қайшы келеді деп мәлімдеді.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу