Біріккен Араб Әмірліктерінде полиция ұшатын электромотоциклмен жүретін болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біріккен Араб Әмірліктерінде полиция ұшатын электромотоциклмен жүретін болады

13.10.2017

Ерекше транспорт түрі Дубайда «Gitex- 2017» көрмесінде жұрт назарына көрсетілді. Мотоцикл Ресейде «Hoversurf» компаниясында шығарылады екен. Бір орынды электромобиль жерден 5 метр биіктікке дейін көтеріліп, сағатына 70 шақырым жылдамдықпен жүре алады. Ұзақтығы пайдалану жолына тәуелді.

Айта кетейік, бұл технология жетістігін қолдану Дубайда өтетін «EXPO-2020» көрмесінің қарсаңында жүргізіліп отырған дайындық жұмыстарын көрсету. Көрме қалашығының құны жоспар бойынша 7 миллиард долларды құрап, оған 25 миллионға жуық қонақ келеді деп күтілуде.

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу