Біріккен Араб Әмірліктерінде мектептер мен дүкендердің жұмысы тоқтап тұр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Біріккен Араб Әмірліктерінде мектептер мен дүкендердің жұмысы тоқтап тұр

10.03.2016
Біріккен Араб Әмірліктерінде мектептер мен дүкендердің жұмысы тоқтап тұр
Біріккен Араб Әмірліктерінде жаңбыр аралас дауыл соқты. Одан Дубай мен ондаған елді мекен зардап шеккен. Сұрапыл жел әуежайда жеңіл моторлы ұшақтарды ірі жолаушылар лайнеріне апарып соққан.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты мектептер, дүкендер, банктер, қор биржалары жабылған. Ал, қала тұрғындары мен меймандарына көшеге шықпауға кеңес берілді.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу