Кения полициясы шерулетіп жатқан оппозиция лидерлерін тарату үшін газ қаруын қолданды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кения полициясы шерулетіп жатқан оппозиция лидерлерін тарату үшін газ қаруын қолданды

12.10.2017

Найроби мен Кисуми қалаларында мыңдаған адам сайлау жүйесін реформалауды талап етіп марш жасаған. Соңы тәртіпсіздіктерге ұласты. Шерушілер тамыздағы президенттік  сайлауға қатысып, елдің қазіргі президенті Ухуру Кениатадан жеңіліп қалған Райла Одинганы қолдайды.

Алайда, сол сайлаудың нәтижесі бұрмаланды деп танылып, қайта дауыс беру қазанның 26-сына белгіленді. Дегенмен, Райла Одинга сайлау заңын реформалауды талап етіп, саяси додаға қатыспайтынын мәлімдеп отыр.

Кениялықтар болса, саяси дағдарыс салдарынан Африканың жағдайы мүшкіл өзге де елдерінің деңгейіне түсіп қаламыз деп алаңдайды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу