Оппозиция лидері А. Навальный 20 күнге қамалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оппозиция лидері А. Навальный 20 күнге қамалды

03.10.2017

Ресейде оппозиция лидері Алексей Навальный жұртты митингке шығуға үгіттегені үшін 20 күнге қамалды. Осылайша, бір жылдың ішінде ол 3-ші рет тұтқындалып отыр. 

Оппозиция жетекшісі әлеуметтік желілерде Нижний Новгород тұрғындарын президенттік сайлау алдында үкіметке қарсы жаппай акцияға шақырған. Кремль басшысы Владимир Путинді талай сынаған Навальныйдың айтуынша, бұған дейін ол заңсыз ұйымдастырылған митингтер үшін қамалса, енді оны заңды наразылық үшін тұтқындап отыр.

Айта кетейік, Ресейде президенттік сайлау 2018 жылы наурыз айында өтеді.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу