СІМ: Мексикадағы зілзаладан зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

СІМ: Мексикадағы зілзаладан зардап шеккен қазақстандықтар туралы мәлімет жоқ

20.09.2017

Еліміздің Сыртқы істер министрлігінің мәлімдеуінше, бұл мемлекеттегі Қазақстанның елшілігі консулдық есепте тұрған отандастарымызбен байланыс орнатқан.

Оларға сабыр сақтау, тұрғылықты мекен-жайлары туралы ақпарат беру және жергілікті биліктің кеңестеріне құлақ асу туралы ескертілді. Соңғы мәліметке қарағанда, Мексикада қуатты зілзаладан 200-ден астам адам қаза тапты. Құрбандардың саны әлі де өсуі мүмкін.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу