Румыния. Алапат дауылдан 8 адам қаза тапты
Румынияның батысындағы Тимишоара қаласында алапат дауыл болып, 8 адам қаза тапты. Тағы 70-ке жуық тұрғын жараланып аурухаларға түскен. Халықаралық агенттіктердің хабарлауынша, дауылдың күші сағатына 100 шақырымға жеткен. Оның екпінінен ағаштар құлап, көптеген үйлердің шатырлары ұшып кетті.
Жергілікті мэр Николае Робудың мәлімдеуінше, бұл күтпеген оқиға, өйткені синоптиктер тек жаңбыр болады деп хабарлаған.
Төтенше жағдай қызметі жергілікті тұрғындарға үйлерінен шықпауға кеңес беріп отыр. Болжамдарға қарағанда, алапат дауыл енді Украинаға бет алды.
Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстанда азық-түлік тауарлары бағасының маусымдық төмендеуі байқалады
21.08.2026, 12:34
Ақмола облысындағы Қаражар ауылына газ мерзімінен ерте жеткізілді
21.08.2026, 10:09
Ресейде жас ғалымдар сайлауға белсенді түрде қатыспақ
21.08.2026, 10:08
Колумбияда шахтадағы апаттан 13 жұмысшы қаза тапты
21.08.2026, 10:07
Вашингтон Ислам республикасын тарихтағы ең қатаң санкцияға алмақ
21.08.2026, 10:06
Мұнай бағасы бірден 2 пайызға қымбаттады
21.08.2026, 10:05
БҚО-да математика, химия пәндерінің мұғалімдері тапшы
21.08.2026, 10:04
Елорда әкімдігінің білім грантын иеленгендердің тізімі бекітілді
21.08.2026, 10:03