iPhone X 3-қарашадан бастап сатылымға шығады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

iPhone X 3-қарашадан бастап сатылымға шығады

13.09.2017

«Apple» компаниясы жаңа смартфондарын таныстырды. Солардың ішінде iPhone X өз қожайынының түрін инфрақызыл сканермен таниды. Ал, егер танымаса - ашылмайды. Құны - 1000 доллар шамасында. Бұл телефонның рим цифрымен аталуы алғашқы «iPhone»-ның 10-жылдығына байланысты.

Сонымен қатар, компания шамамен 700 доллар тұратын iPhone 8 және iPhone 8 Plus смартфондарын да көрсетті. Олар - былтырғы модельдердің жетілдірілген нұсқалары. Бұл байланыс құралдарының ерекшелігі сол - олардың қуаттандырушысы сымсыз.

Жоспар бойынша, iPhone X қарашаның 3-де, ал, iPhone 8 бен iPhone 8 Plus қыркүйектің 22-де сатыла бастайды.

 

Мақпал СЕРЖАНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу