Жас кәсіпкерлерді қолдайтын байқау - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас кәсіпкерлерді қолдайтын байқау

14.10.2014
Жас кәсіпкерлерді қолдайтын байқау

Елімізде жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған «Бизнес-өрлеу» байқауының екінші кезеңі басталды. Сараптық кеңес тобы Қазақстанның 8 қаласын аралап, үздік жобаларды анықтап, оларды ақтық сынға жолдайды. «Зумрад» корпорациясы мен кәсіпкерлер палатасы қолға алған шараға Алматы облысынан 27 жоба ұсынылды. Орта және шағын бизнесте бақ сынағысы келген жетісулық жастар ауыл шаруашылығы, халыққа қызмет көрсету және әлеуметтік салаларды қамтып отыр.  Жеңімпазға 5 миллион теңгеден астам грант бөлінбек. Ал, ақтық кезеңге өткендер отандық және шетелдік мамандардан 1 апталық семинар-тренингте кеңес алатын болады.

Қуаныш ҚАНАТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу