Жер сілкінісінен университеттің жатақханасы құлап, астында студенттер қалды – Фейк ақпарат - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жер сілкінісінен университеттің жатақханасы құлап, астында студенттер қалды – Фейк ақпарат

23.01.2024

Жер сілкінісінен Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жатақханасы құлап, астында студенттер қалды. Бұл жалған ақпарат. Әлеуметтік желіде осыған ұқсас фейк ақпарат көбейді. Ішкі істер министрлігі жалған ақпарат таратпауды ескертеді. Полицияның хабарлауынша, жалған ақпарат үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. Сондықтан азаматтарды ақпараттық мәдениетті сақтауға шақырып, тек ресми дерек көздерінен алынған ақпараттарға сенуге кеңес береді.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу