Испанияда жабық кеңістікте ұшудан рекорд жаңартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Испанияда жабық кеңістікте ұшудан рекорд жаңартылды

10.07.2017

Тігінен тұрған аэродинамикалық туннельде Стеф Миллет пен Ману Сарразин атты екі ұшқыш 7 сағат 15 минут 13 секунд бойы қалықтаған. Оларға 20 шақты өзге де ұшқыш қосылды. Бұл шарадан түскен ақша дамуында ерекшелігі бар балаларға беріледі. Ал, былтыр осындай желдеткіш туннельде ұшудан рекорд Дубайда орнатылған екен.  

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу