Германияда коронавирус жұқтырудан рекорд жаңартылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Германияда коронавирус жұқтырудан рекорд жаңартылды

05.11.2021

Германияда екі күннен бері коронавирус жұқтыру көрсеткіші бойынша антирекорд орнады. Соңғы 24 сағатта 37 мыңнан астам адам инфекция жұқтырып, 154-і көз жұмған. Ал оның алдындағы тәулікте 34 мыңға жуық адамнан ковид анықталған еді.

Ауруларды бақылау орталығы эпид ахуалдың нашарлауынан вакцина алмағандарға қауіп төніп тұр деп дабыл қағып отыр. Ал бұған дейін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Орта Азия мен Еуропаның 53 елінде пандемия қайта өршуі мүмкін екенін ескерткен. 


Хабарламаларға жазылу