Брюссельдің орталық теміржол вокзалында жарылыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельдің орталық теміржол вокзалында жарылыс болды

21.06.2017

Жергілікті уақытпен кешкі сағат 9-дар шамасында 30-35 жастағы жігіт билет кассасының жанында жарылғыш затты іске қосқан. Вокзалдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ететін әскери патруль күдіктіні оқиға орнында атып өлтірді. Абырой болғанда, өзге ешкім зардап шеккен жоқ. Полиция қызметкерлері жолаушыларды дереу сыртқа шығарып, вокзал маңын қоршауға алды. Пойыздар тоқтатылды. Елдің федералды прокуроры болған оқиғаны лаңкестік әрекет деп бағалады. Оқиға куәгерлері жанкештінің жейдесінің астынан жарылғыш белдік көргендерін айтады. 

 

Нұрсұлу ҚАСЫМ

Хабарламаларға жазылу