«Серпін-2050» жобасына қатысушылар Қызылжар өңіріне келді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Серпін-2050» жобасына қатысушылар Қызылжар өңіріне келді

01.09.2014
«Серпін-2050» жобасына қатысушылар Қызылжар өңіріне келді

«Серпін-2050» жобасы бойынша білім алып, ел игілігі үшін қызмет етеміз, деген оңтүстікқазақстандық жастарды Қызылжар өңірінде салтанатпен қарсы алуда.  

Оларды теміржол вокзалында облыс басшылығы мен колледж оқытушылары күтіп алды.

Солтүстік Қазақстан облысындағы теміржол колледжіне келген  студенттер «Электржабдықтаушы» және «Теміржолдың жылжымалы құрамын пайдалану, жөндеу және қызмет көрсету» мамандықтарын игереді.

Сағындық СӘБИТҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу