Ирактың Мосулынан алдағы уақытта тағы 200 мың адам босып кетуі мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ирактың Мосулынан алдағы уақытта тағы 200 мың адам босып кетуі мүмкін

18.05.2017

Ирактың Мосулынан алдағы уақытта тағы 200 мың адам босып кетуі мүмкін. Осыған байланысты билік лагерлерді алдын-ала дайындап жатыр. Мұны бүгін Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар жөніндегі агенттігі хабарлады. Жалпы, қаланы алу операциясы басталғалы, қазан айынан бері 700 мың кісі үйлерін тастап кетіпті. Қазір Ирак армиясы АҚШ бастаған коалицияның көмегімен Мосулдың 12 шақырым жерін «ДАИШ»-тан тазартқан. Олар Рамазан айына дейін шаһарды басып алуға ниетті. Дегенмен, радикалдар тарихи мекенді әлі бақылауында ұстап отыр. Себебі, билік әскерінің техникасына көшелердің тар жолдары кедергі болып тұр.

Фариза МҰСАҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу