Брюссельде 70 шеруші қамауға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Брюссельде 70 шеруші қамауға алынды

01.04.2019

Бельгия астанасы Брюссельде мыңдаған адам шеруге шығып, 70 демонстрант тұтқындалды. Олар биліктен климаттың өзгеруіне қарсы шара қолдануды талап етіп отыр. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Марш барысында ашуға бой алдырған шерушілер Еуропалық комиссия ғимаратына шабуыл жасап, әйнектерін шағып кеткен. Сондықтан, тәртіп сақшыларының күш қолдануына тура келді. Наразылық акциясына шамамен 800 адам қатысқан. Олардың көбі студенттер. Қазір бұзақылық әрекеттер бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

 

Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу