Ауғанстанға ең ірі бомба тасталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ауғанстанға ең ірі бомба тасталды

14.04.2017

АҚШ Ауғанстанға өз арсеналындағы ең ірі ядросыз бомба тастады. «Барлық бомбалардың анасы» деп аталып кеткен жарылғыш зат «ДАИШ» ұйымының бекіністеріне лақтырылған. Мұны Ақ Үйдің баспасөз хатшысы Шон Спайсер мәлімдеді.  Ұзындығы 9 метрлік, ал, салмағы 10 тонналық бомба 2003 жылы сынақтан өтіп, бұрын-соңды соғыс жағдайында қолданылып көрмеген.

Жойқын қаруды америкалық әскерилер радикалдық топтың Нангархар провинциясындағы туннельдер кешеніне тастаған. Бомба навигациялақ жүйе арқылы басқарылады. Ал, оның жарылысы өте үлкен қашықтыққа жетеді.

Алдағы уақытта Вашингтон Ауғанстанға қосымша әскери жаттықтырушыларды аттандыруы мүмкін. 

 

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу