Маңғыстау облысында түйеқұс өсіру қолға алынды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында түйеқұс өсіру қолға алынды

05.11.2014
Маңғыстау облысында түйеқұс өсіру қолға алынды

Бұл қанаттыларды бағудың өзіндік қиындықтары бар. Тың кәсіптің иесі  болашақта түйеқұстарды жұрт арнайы экскурсияға келіп тамашалайтын үлкен саябақ ашуды мақсат етіп отыр.

Азамат түйеқұстарды Алматыдан әкелген. «Ірі құстарды Маңғыстауға жерсіндіру қиын болмайды»,- дейді ол.

Түйеқұстар келесі жылы жұмыртқалай бастайды. Жұмыртқасының биіктігі-18 см, салмағы 1,5 келі. Бір жұмыртқасымен 13 адамды тамақтандыруға болады.  

 

Жазира ӘБІЛ

Хабарламаларға жазылу