2014 жылы жоғалған «Боингты» іздеу тоқтатылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

2014 жылы жоғалған «Боингты» іздеу тоқтатылды

17.01.2017
Австралия, Малайзия, Қытай 2014 жылы жоғалып кеткен «Боинг» ұшағын іздеу операциясын тоқтатты. Бұл лайнер – «Малайзия әуе жолдары» компаниясына тиесілі. Ол Куала-Лумпурдан Бейжіңге ұшып бара жатып радар экранынан ғайып болды.

2014 жылдың наурызынан бері Австралияның батысындағы 120 мың шаршы шақырым аумақ тінтілген. Алайда, ұшақтың құлаған жері әлі анықталмады.


Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу