АҚШ 35 ресейлік дипломатты елден шығармақ

30.12.2016
АҚШ елден 35 ресейлік дипломатты шығарып, Мәскеуге қарсы жаңа санкциялар жариялады. Вашингтон мұны АҚШ-тағы биылғы президенттік сайлау кезіндегі Ресейдің хакерлік шабуылдарына қарсы енгізгенін мәлімдеді. Барак Обаманың сөзінше, елдің Ұлттық қауіпсіздік министрлігі жақында кибершабуылдар туралы жасырын ақпаратты жариялайды.


Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу