Лондон мэрі ислам жайлы «аңыздарды» сейілту үшін ораза ұстап жүр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Лондон мэрі ислам жайлы «аңыздарды» сейілту үшін ораза ұстап жүр

07.06.2016
Лондон мэрі ислам жайлы «аңыздарды» сейілту үшін ораза ұстап жүр

«Guardian» газетіндегі авторлық бағанында Лондон мэрі Садық Хан оған ораза уақытында тағамнан емес, кофеден бас тарту қиын екенін айтты, деп жазады Би-Би-Си агенттігі.

«Әдетте көбіне кофеин жетіспейді. Іш пыстыратын кездесуларге көп баратынмын (биыл емес, әрине, себебі мен қазір әлемдегі ең тамаша лауазым иесімін! - С.Хан.) маған жұмысымды жалғастыру үшін кофеин қажет. Биыл оразаға дайындық ретінде, кофе ішуді азайтуға тырыстым. Тағам ішпеу қиындық тудырмайды, оған үйреніп кетесің», - деп жазды Хан.
Қала басшысы тығыз кестеге қарамастан бір ай бойы ораза ұстамақ.
Лондон мэрі дәстүрлі ислам дінінде болып, батыстық либералдық көзқарасты ұстануға болатынын көрсетпек. 
«Мені мұсылман саясаткер ретінде қабылдағанын қаламаймын. Мен мұсылман көшбасшы және оның ресми өкілі емеспін. Адамды дініне қарай бағалау қажет еместігіне мысал болса деймін. Әр адамның әлеуметтік рөлдері бар: мысалы мен Лондон тұрғынымын. Баламын, әкемін, мэрия - уағызбен айналысатын орын емес», - деп атап өтті ол.
Сонымен қатар, ол Рамазан - «бұл мұсылман қоғамы үшін игілік жасауға және ислам жайлы алып-қашпа әңгімелерді сейілтуге тамаша мүмкіндік» екенін атап өтті.

Хабарламаларға жазылу