Қазақстандықтар лондондық Сити Лорд шеруіне қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстандықтар лондондық Сити Лорд шеруіне қатысты

11.11.2019

Ұлыбритания астанасында 1215 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан Лондон Сити Лорд-мэрі шеруі өтті. Еліміздің атынан көшпенді-жауынгерлер кейпіндегі батырлар мен Қазақ ұлттық өнер университеті жанындағы колледж джаз-бэнді қатысты. Фестивальге арнайы барған олар, қала тұрғындары мен қонақтарын ерекше әсерге бөледі.

Шеру басталмай тұрып, «қазақ батырларына» тыным жоқ. Кездейсоқ өтіп бара жатқан адамдардан бөлек, тіпті шеруге қатысушылардың өздерінің көшпенді-жауынгерлерге қызығушылығы басым.

Maрк Берд, шеру қатысушысы:

Керемет әсердемін. Батырлар өте үлкен, тіпті азғантай қорқынышта бар. Осының барлығын көріп Қазақстанға міндетті түрде баруым керек деген ой пайда болды.

Еліміз Лондондық Сити Лорд-мэрі шеруіне осымен екінші рет қатысып отыр. Қазақстандықтар фестиваль аясында Лондон көшелерімен алғаш рет 2006 жылы жүріп өтсе, араға міне 13 жыл салып еліміз тағыда қызықты бағдарламамен лондондықтарды таң қалдырып отыр. Айта кету керек, биыл Лондондық Ситидің 692-ші Лорд-мэрі болып олдермен, муниципалды кеңес мүшесі Уильям Рассел сайланды. Лондондық Сити корпорациясының басшысы келер жылы Қазақстанға арнайы сапарпен келуді жоспарлап отыр.

Индира БЕКТЕНОВА


Хабарламаларға жазылу