Ұланбатырда қазақ ұшқышы, Моңғолия әуе күштерінің бас қолбасшысы М.Зайсановты еске алды

7 мамырда Ұланбатыр қаласында Қазақстан Елшілігі Отан қорғаушылар күні мерекесіне орай және Жеңіс күні қарсаңында Моңғолияның атақты қазақ ұшқышы, Моңғолия әуе күштерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Мүдәріс Зайсановтың құлпытасына гүл шоқтарын қою рәсімін өткізді.
Гүл қою рәсіміне Қазақстан Республикасының Моңғолиядағы Елшісі Қалыбек Қобландин, Моңғолия Парламентінің депутаттары Тілейхан Алмалық, Бәкей Ағыпар, жазушы, Моңғолияның белгілі қоғам қайраткері Сұлтан Тәукейұлы және Моңғолияның еңбек сіңірген ұшқышы, отставкадағы подполковник Тәштуан Төтейұлы қатысты.
Мүдәріс Зайсанов - Моңғолия қарулы күштерінде қызмет атқарған қазақ азаматы, генерал-майор. 1910 жылы Зайсан өңірінде туылып, 1920 жылдары Монғолияға қоныс аударған. 1932 жылы Орынбордағы ұшқыштар даярлайтын училищені тәмамдаған. Халхин-Гол шайқасы кезіндегі ерліктері үшін Моңғолияның және Кеңес Одағының ең жоғарғы наградаларының бірі - «Қызыл ту» орденімен марапатталып, 1942 жылы генерал-майор шенінде Моңғолия Әуе әскерлерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалған. Зайсанов 57 жасында Ұланбатырдағы әскери госпитальда дүние салды.
ҚазАқпарат
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44