Солтүстік Корея билігі үйлену тойын өткізуге және қайтыс болған адамды жерлеуге тыйым салды

02.05.2016
Солтүстік Корея билігі үйлену тойын өткізуге және қайтыс болған адамды жерлеуге тыйым салды
Оңстүстік Кореялық БАҚ-тың мәліметіне қарағанда, бұл тыйымдар Еңбек партиясының 7-ші съезі кезінде қауіпсіздік шараларының күшеюімен байланысты.

Оңтүстік Кореяның Йонхап агенттігінің дерегіне жүгінсек, ел астанасы Пхеньянға кіру шектеліп, азаматтарды аңду мен Қытаймен арадағы шекарада күзет те күшейтілген.

«Бұның бәрі жұмада ашылатын съезд барысында халықты үрейлендіру арқылы қылмысты азайтуға және азаматтардың шетелге шығуына бөгет жасауға бағытталған қадамдар», - деп жазады кореялық басылымдар.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу