Қазақтың тойындағы ысырапшылдыққа заң тұрғысынан тыйым салу керек пе?

22.09.2019

Өзбекстан билігі үйлену тойлары, адам қайтыс болғанда жасалатын шаралар, мерейтойлар өткізу тәртібін бекітті. Заңдық күші бар қаулы алдағы қаңтардан күшіне енеді. Мысалы, үйлену тойын өткізетіндер жергілікті өзін-өзі басқару органын бір жұма бұрын құлағдар етуі керек немесе 2-3 жеңіл көліктен артық пайдалануға болмайды деген сияқты баптары бар. Ереже Тәжікстанда да бар.

Даңғазалық пен ысырап мәселесі бізде де бар. Сосын несие алып той жасау «дәстүрі» сіңіп барады. Бірақ тыйым салуға бола ма? Дәл осы мәселе бойынша тыйым біртүрлі адамды мансұқ ету көрінісі сияқты, екінші жағынан, бұл моральдық өктемдік те тәрізді. Алайда проблема өзекті болып барады.

Ілінген кілемде жас жұбайлардың есімдерін, аққу бейнелерін мақтамен өрнектеп, палаткада өткен тойлардың фотокәртішкелері жылы жымитады.

 Осы уақыттың тойлары ше? Кейбір тойда шашуға кәмпит емес, телефон лақтырады, тіпті теңге шашады. «Одан да пайдалы бірнәрсеге бермей ме?» дейтіндер бар. Күйгеннен айтылатынын білеміз. Әлеуметтің ашуын туғызған бір оқиғамен тұспа-тұс келсе, тіпті түсінесің. Дегенмен қауіпті жолға көпір салып беру олардың міндеті емес. Тек жетімдерге сөмке таратқан екі жастың әрекетімен параллель қойсақ...


Хабарламаларға жазылу