«ДАИШ» тобы бомбаны әлемнің 20 елінде шығарылатын бөлшектерден құрастырады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«ДАИШ» тобы бомбаны әлемнің 20 елінде шығарылатын бөлшектерден құрастырады

25.02.2016
«ДАИШ» тобы бомбаны әлемнің 20 елінде шығарылатын бөлшектерден құрастырады
Экстремистік «Даиш» ұйымының мүшелері өздерінің жарылғыш заттарын әлемнің 20 елінде шығарылатын және ашық сатылатын бөлшектерден дайындайды.

Арнайы зерттеу жүргізген британдық сарапшылар осылай деп мәлімдеді. Олар радикалдық топтың жарылмай қалған 700-дей бомбасын зерттеп көрген.

Бұған сай, жарылғыш заттарды дайындауға арналған компоненттер Ирак, Сирия, Түркия, АҚШ, Бразилия, Қытай және Жапония компанияларына тиесілі екені анықталды.

Арай ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ

Хабарламаларға жазылу