Парсы кілемдері Лос-Анджелеске жетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Парсы кілемдері Лос-Анджелеске жетті

04.02.2016
Парсы кілемдері Лос-Анджелеске жетті
Бұған дейін мұндай дүниені Құрама Штаттарға 5 жыл бойы тасымалдауға тыйым салынды.

Өткен айда ғана халықаралық санкциядан босатылған Иран тауарлары АҚШ-та сатыла бастады. Осыдан бірер күн бұрын Лос-Анджелеске кемемен әйгілі парсы кілемдерінің алғашқы партиясы жеткізілді.

Бұған дейін мұндай дүниені Құрама Штаттарға 5 жыл бойы тасымалдауға тыйым салынды. Сондықтан, кілем бағасы америкалықтар үшін тым қымбаттап, олардың кейбірінің құны 250 мың долларға жеткен екен.

Арыстан РЫСБЕК

Хабарламаларға жазылу