Сантьяго Муньестің мақсаты – кәсіпқой футболшы болу - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Сантьяго Муньестің мақсаты – кәсіпқой футболшы болу

06.06.2015
Сантьяго Муньестің мақсаты – кәсіпқой футболшы болу

Туған жері Мексикадан Лос-Анджелеске жол тартқан Сантьяго Муньестің мақсаты – асқақ арманына қол жеткізіп, кәсіпқой футболшы болу. Оның жолында махаббат пен достық та кездеседі. Жүректілікті де бойына дарытады.

Куно Беккер, Стивен Диллэйн, Алессандро Нивола басты кейіпкерлерін сомдаған «Гол!» драмасы режиссер Дэнни Кэннонның 2005 жылы түсірген туындысы.

Фильмде сонымен қатар, Леонардо Гуерра, Тони Плана, Мириам Колон,  Хорхе Сервера, Херман Чавас, Альфредо Родригез, Дональд Ли, Кейт Томлинсон, Джэйк Джонсон ойнайды.

Режиссер Дэнни Кэннонның туындысын бүгін 01:00-де тамашалаңыздар.

Хабарламаларға жазылу