Күрдтер тәуелсіздік туралы референдум өткізуге дайындала бастады. Референдумға даярлық жасау туралы тапсырманы Солтүстік Ирак күрд автономиясының жетекшісі берген.
Солтүстік Ирак күрд автономиясының жетекшісі, Күрдістан демократиялық партиясының төрағасы Месут Барзани өзі басқаратын партияның саяси кеңесінің отырысында Күрдістанның тәуелсіздігі туралы референдумға дайындалу туралы тапсырма бергені белгілі болды. Солтүстік Ирак күрд автономиясы билігіне жақын Rûdaw агенттігінің жазуына қарағанда Барзани бұл мәселе бойынша күрдтердің өзге де партияларының жетекшілерімен кездесулер керектігін айтқан. Ал, Күрдістан демократиялық партиясының ықпалды қайраткерлерінің бірі Арас Хасо Мирхан өздерінің жақын күндері «Күрдістан патриоттары ұйымы» өкілдерімен кездесетіндіктерін айтқан. Одан кейін өзге күрд партиялары жетекшілерімен кездесу жоспарланыпты.
Негізі Месут Барзани Күрдістанның тәуелсіздігіне қатысы референдум өткізу ұсынысын бұдан бұрын да айтқан. 2014 жылдың 3 шілдесінде Солтүстік Ирак күрд автономиясы парламентінде осындай референдум өткізу жөнінде мәселе қаралған болатын. Алайда, ДАИШ террористерінің Мосул қаласын басып алып, кейін Ирак пен Сирияның біраз жерінде лаң салуы референдум мәселесін кейінге қалдыруға мәжбүрлеген еді. Сонда да Барзани: «Күрдтер ешқашан референдум идеясынан бас тартпайды. Бірақ, қазір ДАИШ террористерімен шайқасып жатырмыз. Әзірге, ең басты мақсатымыз террористерді тоқтату»,- деген болатын. Барзани АҚШ-қа жасаған бір сапарында Виржина штатындағы күрдтермен кездесіп, сол жиында :«ДАИШ-пен соғыстан кейін жағдай өзгереді. Бұрын ешкім Күрд мемлекеті деген сөзді естігісі келмейтін, қазір біраз мемлекет бізді ашық қолдауда. Ешбір мемлекет біздің тәуелсіздігімізге қарсы емес»,-деген еді. Енді міне, референдум өткізу туралы мәселені қайта пысықтай бастады.
Осы тұста атап өтер бір жайт, Месут Барзани күрдтердің тәуелсіздігі жөніндегі референдумға кейбір саяси күштерді қатыстырмауы да мүмкін. Әсіресе, Күрдістан жұмысшы партиясы аталатын солшыл-террористік топты бұл мәселеге араластырмауы ықтимал. Сонымен қатар, YGD аталатын Сириядағы топты да Месут Барзани күрд халқының тәуелсіздігіне қатысты референдумға қатыстырмауы ғажап емес. Өйткені, бұл топтар мен Күрдістан демократиялық партиясының арасындағы шиеленіс тереңдеп кеткен. Ал, өңірдегі бірқатар мемлекеттер Барзаниді қолдайтыны анық. Себебі, Месут Барзани 1 желтоқсанда Сауд Арабиясына, одан кейін Түркияға ресми сапармен барған болатын.
Әзірге референдумның өту-өтпеуі, бола қалған жағдайда қай мезгілге жоспарланғаны, «Күрдістан» ұғымына қандай аумақтардың кіретіндігі жөнінде ақпарат жоқ.

Kaznews.kaztrk.kz