Ким Чен Ын өз елінің сутегі бомбасын жасағанын мәлімдеді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ким Чен Ын өз елінің сутегі бомбасын жасағанын мәлімдеді

10.12.2015
Ким Чен Ын өз елінің  сутегі  бомбасын жасағанын мәлімдеді
Ким Чен Ын өз елінің  сутегі  бомбасын жасағанын мәлімдеді

Солтүстік Корея жетекшісі Ким Чен Ын өз елінде сутегі бомбасы бар екендігін мәлімдеді. Бұл туралы Оңтүстік Кореялық Yonhapnews агенттігі хабарлады.

Ким Чен Ынның сөзін қарағанда Корей халық демократиялық республикасы ядролық державаға айналған көрінеді. Яғни, Пхеньянда яролдық және сутегі бомбалары бар екен. Алайда, Солтүстік Корея жетекшісінің бұл мәлімдемесіне күмәнмен қарайтындар да көп.

Оған Yonhapnews агенттігі америкалық ғалым Ли Чун-геннің сөзін мысал ретінде келтірген. Ли Чен-гун Солтүстік Кореяда сутегі бомбасы жоқ, бірақ, бұл қаруды жасап шығару үшін зерттеулер жасауы мүмкін екендігін айтқан.

Дегенмен, Солтүстік Корея басшыларының кейбір мәлімдемелері расқа айналып жатады. 2005 жылы Пхеньян өздерінде ядролық қару бар екендігін мәлімдесе, 2006 жылы алғаш рет ядролық жарылыс жасаған болатын.


Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу