Атақты Леонардо да Винчи салған Моно Лиза портретінің жұрт байқамаған құпиясы ашылуы мүмкін. Француз зерттеушісі Паскаль Котт картинаның астында тағы бір портрет бар екендігін мәлімдеген. Бұл туралы BBC хабарлады.
Паскаль Котт картинаны зерттеуге 10 жыл уақытын кетірген. Lumiere Technology атты компанияның негізін қалаушы Котт өз зерттеуінде сәуленің шағылысуына негізделген технология пайдаланса керек. Бұл технологияны «Layer amplification method» деп атапты. Яғни, «қабаттарды күшейту» деген тәсіл болса керек. Нәтижесінде ғалым Моно Лиза портретінің астынан тағы бір бейне тапқанын айтып отыр.
[
Паскаль Котт қолданған технология бойынша алдымен суретке жарқылдаған сәуле бағытталады, кейін шағылысқан жарық камераға жазылады. Сондан соң, бояулар арасында өзге картинаның бар-жоқтығын анықтауға болатын көрінеді. Котт біз білетін Моно Лиза бейнесінің астында нағыз Лизаның портреті жасырылғандығын айтады. Ал, қазіргі бейне басқа әйелдің суреті болса керек. Алайда, атақты картинадағы адамның кім екендігін әлі күнге ешкім анықтай алған жоқ. Болжам бойынша ол флоренциялық жібек саудагерінің әйелі Лиза Герардини болуы да мүмкін. Ең көп тараған нұсқа осы.
Дегенмен, картинаның түпнұсқасы сақталуы тұрған Франциядағы Лувр мұражайының мамандары ғалымның жаңалығына қатысты пікір білдіруден бас тартыпты. Ал, Паскаль Котт Моно Лиза картинасын зерттеуге 2004 жылы рұқсат алған екен.
Жалпы, соңғы жарты ғасырда картинаның сырын ашуға ғалымдар бірнеше мәрте талпынған болатын. Зерттеушілер бұл мақсатта инфрақызыл сәулелендіру және мультиспектралды сканерлеу тәсілдерін де қолданып көрген. Бірақ, бәрібір Леонардо да Винчи қалдырған құпияны ешкім аша алмады.

Kaznews.kaztrk.kz
фотолар bbc.com сайтынан алынды