Бір ғана фото сириялық босқынды бақуатты кәсіпкерге айналдырды

Осыдан бірнеше ай бұрын қызын құшақтап жүріп қалам сатпақ болған сириялық босқын Абдул Халим әл-Аттардың фотосы интернетте жарияланған болатын. Ал, норвегиялық журналист Гиссур Симонарсон twitter-де @buy_pens деген аккаунт ашып Ливанда жүрген босқынға көмек көрcету акциясын бастаған. Бұл акция босқынның өмірін күрт өзгертті.

Гиссур Симонарсонның бастамасын интернетте қолдағандардың қатары көп болды. Бар-жоғы бірнеше айдың ішінде Абдул Халим әл-Аттарға көмек ретінде 191 мың доллар жиналған. Қазір әл Аттар Ливанда наубайхана мен кәуап дүкенін ашып, жұмыс істеп жатыр. Шағын дәмханасы да бар. Оның қол астында қазір 16 сириялық азамат қызмет етуде. Бәрі де елдеріндегі соғыстан қашқан, босқындар еді.

Ал, Гиссур Симонарсон болса әу баста 5 мың доллар жинап, босқынның есеп-шотына жолдауды көздеген. Бірақ, үш айда 188 мың 685 доллар жиналған. Кейін, бұл сомаға тағы да біраз қаржы қосылып әл-Аттар үшін жиналған ақша 190 мың доллардан асып кетіпті. Абдул Халим әл-Аттар болса интернет арқылы жасалған қайырымдылық акциясының тек өзінің ғана өмірін өзгертпегенін, өзгелерге де пайдалы болып жатқанын айтыпты. Өйткені, жиналған ақша арқылы шағын кәсібін бастаған босқын бала-шағасы үшін алаңдамайтын халге жетіп отыр. Сонымен бірге, біраз жерлестеріне де жұмыс тауып беріпті. Тіпті, Сирияда қалған туыстарына 25 мың доллар жіберген көрінеді.

фотолар @Buy_Pens twitter аккаунтынан алынды.
Kaztrk.kaznews.kz
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еуропадағы қазақстандықтар белсенді дауыс берді
24.08.2026, 13:24
Президент дзюдошыларды тарихи жеңісімен құттықтады
24.08.2026, 13:18
Әлемдік БАҚ Құрылтай жайында ақпарат таратты
24.08.2026, 13:09
Құрылтай сайлауына 61 мемлекетте 79 сайлау учаскесі құрылды
24.08.2026, 13:06
«Дауыс» коалициясының 25 мың байқаушысы сайлауды жіті қадағалады
24.08.2026, 13:03
Құрылтай сайлауы: 5 пайыздық межені 5 партия еңсерді
24.08.2026, 13:00
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактісі тіркелмеген
24.08.2026, 10:58
Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды құттықтады
24.08.2026, 10:08