Балалардың 97 пайызы мобильді құрылғылармен ойнайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалардың 97 пайызы мобильді құрылғылармен ойнайды

03.11.2015
Балалардың 97 пайызы  мобильді құрылғылармен ойнайды
Балалардың 97 пайызы  мобильді құрылғылармен ойнайды

Бүгінде аулада ойнау, доп қуу, қарапайым ойыншықтарға қызығу балалар үшін келмеске кеткен тәрізді. Pediatrics журналында жарық көрген деректерге қарағанда төрт жасқа дейінгі балалардың 97 пайызы мобильді құрылғылармен ойнайтын көрінеді. Алайда, зерттеу тек АҚШ-та жүргізіліпті.

Зерттеу қорытындыларына сенсек, ата-аналар балаларына смартфондарды, планшеттерді алып беру үшін ақша аямайтын көрінеді. Өйткені, мобилді құрылғыларды ойыншық қылып жүрген 4 жасқа толмаған балалар әлеуметтік жағдайы әртүрлі отбасылардан шыққан. Бірінің ата-анасы бай болса, тағы бірінің ата-анасы ортаңқол шаруа адамы.

Бастапқыда ата-аналар балаларына өздерінің мобильді құрылғыларын ойыншық ретінде береді екен. Кейінірек, шамамен үш жарым жастан бастап америкалықтар балаларына жеке смартфондар, планшеттер алып беретін көрінеді. Тіпті, балалардың жартысына жуғының жеке теледирдарлары бар екен. Тағы бір қызық дерек, бір жастағы балалардың 20 пайызында өздерінің жеке компьютерлері, ноутбуктері бар. Ал, екі жасқа толған америкалық балалардың 28 пайызы мобильді құрылғылардағы қосымшаларды ешкімнің көмегінсіз-ақ, өздері ашып, жауып, көшіріп, өшіріп, ойнай беретін көрінеді. Ата-аналардың 28 пайызы болса, балаларына мобильді құрылғыларды ұйықтату үшін беретіндігін мойындаған.

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу