Дэвид Милибэнд: Стамбулдағы сириялық босқындар саны Еуропадағыдан да көп - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дэвид Милибэнд: Стамбулдағы сириялық босқындар саны Еуропадағыдан да көп

27.10.2015
[img=left]]http://kaznews.kaztrk.kz/uploads/posts/2015-10/1445928874_eight_col_000_dv2110395.jpg[/img]
Халықаралық құтқару комитетінің (IRC) жетекшісі Дэвид Милибэнд қазіргі таңда әлемдегі босқындар санының 20 млн-нан асқанын мәлімдеді. Сонымен бірге, 40 млн адам өз елдерінің ішінде тұрғылықты жерлерін тастап кеткен. Жалпы, әлемде 200 млн адам мигрант ретінде бақуатты елдерге қоныс аударуға әзір отырған көрінеді.

Associated Press агенттігіне берген сұхбатында Халықаралық құтқару комитетінің жетекшісі тек Стамбулдағы сириялық босқындардың саны тұтас Еуропалық одаққа барған босқындардан көп екендігін айтқан. Қазіргі кезде тек Түркиядағы босқындар саны 2 млн-нан асса, олардың 366 мыңы тек Стамбулға келген. Милибэнд бұл жағдайды «қорқынышты әлемдік рекорд», деп атады. Алайда, босқындардың 60 пайыздан астамы арнайы шатырларда емес, қалаларға тарап кеткен.

Комитет қызметкерлері Түркияның Измир қаласының төңірегіне орналасқан босқындар арасында арнайы зерттеу жүргізген, нәтижесінде олардың 80 пайыздан астамы Ирак, Сириядан келгені анықталған. Босқындардың басым көпшілігі Түркиядан Еуропаға өтіп кетуді қалайтындығы белгілі. Алайда, олардың көбі заңсыз жолмен босқындарды Еуропаға өткізетін контрабандистерге төлейтін қаржылары жоқ екендігін айтқан. Халықаралық құтқару комитеті таратқан деректерге қарағанда контрабандистер босқындарды Түркиядан Еуропаға өткізу үшін адам басына 3500 АҚШ долларын сұрайтыны белгілі болды.[/left]

Kaznews.kaztrk.kz

Хабарламаларға жазылу