Басты Жаңалықтар Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты

Елімізде тарихи-мәдени мұраны қорғауға қатысты берік құқықтық тетік қалыптасты

Президенттің былтыр желтоқсанда тарихи-мәдени мұраны қорғау туралы заңға қол қойғаны өткеннен өнеге алып, болашаққа бағдар жасауға даңғыл жол ашты. Осылай деген тарихшылар мәдени мұралардың мәртебесін Ата заңда айқындау арқылы елімізде берік құқықтық тетік қалыптасқанын айтты. 

Жаңа заң биыл сәуірден бастап күшіне енді. Тараздық тарихшы, археолог Сауран Қалиев «Енді ұлы даланың тарихи-мәдени мұрасы әлемдік жаңғыру кезеңіне келді» дейді. Өйткені оларды қорғау туралы толықтырулардың Конституция кіріспесіне енуі бұрын-соңды болмаған оң өзгеріс. Мәселен, енді кез келген адам металл іздеу техникасымен тарихи ескерткіштер маңында қара қазбамен айналыса алмайды. Құралды қолдануға археологиялық жұмыс жүргізу лицензиясы болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Жаңа заңға сәйкес, ел азаматтарының қолындағы жәдігерлер жайлы ақпарат та мемлекеттік музей қорына енгізіледі. 

Сауран Қалиев, облыстық Мәдениет және тілдердідамыту басқармасы тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының директоры: 

Тарихи-мәдени ескерткіш - бұл елдіктің белгісі, тәуелсіздіктің тірегі. Президенттің жарлыққа қол қоюы – осындай келеңсіз, тарихи-мәдени мұраларды жою, тонау «қасиеттерінің» барлығына қарсы іс-қимыл деп білеміз. Бұл енді Президенттің шын мәніндегі тарихи-мәдени мұраға жанашырлық танытып отырғаны және соларды қорғап, сақтауға қолдау білдіріп отырғандығы.


Бөлісу